Мәжіліс депутаты Руслан Берденов бүгінде жоғары оқу орындарда лудоман көп екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мектептегі оқушылардың арасында да осы ойыннан хабары бар. Бұл мәселеге қатысты 8 университетке бардым. Жоғары оқу орындарында лудомандар көп екені, кейбір университеттерде олардың саны 30-40 пайызға дейін жететіні айтылып жатыр. Ерлер де, қыздар да ойнап жүр. Осыған байланысты оқу орындарының басшылығы заңды қатаңдату мәселесін көтеріп отыр", - деді Руслан Берденов Мәжілісте.
Салдарынан елімізде суицид дерегі көбейген.
"Құмар ойын салдарынан қаншама адам суицидке барып жатыр. Бірақ оның нақты себебін көп жағдайда білмейміз. Сонымен қатар, ажырасулардың 40 пайызына лудомания тікелей себеп болды", - деді депутат.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!