Университетте жалаңаш жүрген қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Жақында Иранда хиджабқа қатысты қарсылық білдіріп, шешініп тастаған студентті психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Иран ғылым министрі Хоссейн симай Сарраф ақпаратты растады.
Еске салайық, хиджаб киюге наразылық білдірген ирандық студент Аху Дарьяины полиция қызметкерлері ұстап әкеткен болатын.
Ғылым министрі: "Қазір Дарьяи отбасының қолдауымен емделіп жатыр", - деп мәлімдеді.
Бірақ студенттің жақындары мен таныстары оның психикалық ауытқуы болмағанын, оны психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде дәрімен емдегелі жатқанын айтады.
Еске салайық, Тегерандағы Азад Ислам университетінің студенті хиджабты дұрыс кимегені үшін қудалауға ұшырағаны туралы жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева