Университетті қалай таңдаймыз, бағасы қанша?

Университетті қалай таңдаймыз, бағасы қанша?
Фото: depositphotos.com

Жаңа оқу жылының басталуына аз-ақ қалды. Профориентолог мамандардың айтуынша, талапкерлер мамандық таңдаудан бөлек, оқу орнын таңдауға да назар аударып, барынша ерте қамдануы керек. Бұл орайда Massaget.kz тілшісі Қазақстандағы рейтингі жоғары университеттердің тізімін ұсынады. 

Халықаралық рейтинг

Ең алдымен QS World University Rankings халықаралық рейтингіндегі университеттерге тоқталсақ. 

QS World University Rankings - ұлыбританиялық Quacquarelli Symonds журналы құрастыратын университеттердің жыл сайын жарияланатын рейтингі.

Онда оқу орындарының академиялық беделіне, жұмыспен қамтуына, студент пен оқытушының арақатынасы және халықаралық студенттер үлесіне қарай баға беріледі. 

Бұл халықаралық рейтингте Қазақстанның 21 жоғары оқу орны ұсынылған. 

  • 163-орында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орналасқан; 
  • Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 321-орында; 
  • 405-орында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • 621-630 орындар арасында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жайғасқан; 
  • 671-680 орындар арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;

Елімізде танымал университеттердің кейбірі өте төмен сатыда тұр. Айта кетейік, бұл жоғары оқу орындарының нашар деңгейде тұр деген сөз емес. 

  • Мысалы, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Нархоз Университеті және  КИМЭП Университеті тізімнің 1001-1200 орындарына жайғасқан. 
  • Одан кейін 1201-1400 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Сүлеймен Демирел атындағы университет тұр. 

Ал профориентатор Нұржамал Имамқұлқызы биыл грантқа талапкерлер арасында қай оқу орны сұранысқа ие болғанын айтты. 

Маманның айтуынша, биыл студенттердің таңдауы мына оқу орындарына түскен: 

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Сүлеймен Демирел атындағы университеті;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Астана медицина университеті;
  • Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жасанды интеллект құрған тізім

ChatGPT жасанды интеллектінің ұсынған рейтингінде университеттердің академиялық беделі, ғылыми-зерттеу қызметі мен білім сапасы ескерілді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Орналасқан жері: Алматы
  • Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі. Гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарына бағытталған.

Назарбаев Университеті

  • Орналасқан жері: Астана
  • Білім беру мен зерттеудің халықаралық стандарттарына бағдарланған еліміздің жетекші университеттерінің бірі. Инженерлік және IT ғылымдары саласындағы мамандықтар жоғары рейтингтерге ие.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ)

  • Орналасқан жері: Алматы
  • Инженерлік және техникалық бағдарламаларымен танымал.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 

  • Орналасқан жері: Алматы
  • Халықаралық қатынастар, тілдер және аймақтарды зерттеуге маманданған. Дипломатия және халықаралық құқық саласында беделді оқу орындардың бірі. 

Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

  • Орналасқан жері: Алматы
  • Агрономия, ауыл шаруашылығы және азық-түлік технологиясы саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  • Орналасқан жері: Өскемен
  • Гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білім беру бағдарламаларымен танымал.

Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған көрнекі сурет

Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының оқу ақысы қанша?

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Педагогика ғылымдары бойынша бакалавриатта оқу құны 1 миллион 140 мың теңге, ал бизнес, басқару және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқу құны 1 миллион 300 мың теңге. Толық тізім мына жерде.

Сүлеймен Демирел атындағы университеті

  • Педагогика ғылымдары бойынша бакалавриатта оқу құны 1 миллионнан басталса, Бизнес мектебінде оқу ақысы 2 миллионға жуықтайды. Толық тізім мына жерде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • ҚазҰУ-да оқу ақысы 1 миллион 500 мың теңгеден басталады, ал ағылшын тілінде білім алғысы келетін студенттер үшін оқу ақысы 1 миллион 700 мың теңге болады. Толық тізім мына жерде.

Астана медицина университеті

  • Фармация мамандығы бойынша оқу ақысы 1 миллионнан басталады. Бір қызығы, бұл оқу орнында курс жоғарлаған сайын оқу ақысы арзандай түседі. Толық тізім мына жерде.

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Фармация мамандығы бойынша оқу ақысы 890 мың, ал стоматология мамандығы бойынша оқу ақысы 2 миллионнан асады. Толық тізім мына жерде.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • ҚазҰПУ-да көп мамандықтардың оқу ақысы 1 миллион теңгеге жетпейді. Толық тізім мына жерде.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • ҚазҰҚПУ-да да ақылы түрде оқитындар үшін оқу ақысы 1 миллион теңгеден аспайды. Толық тізім мына жерде.

Айта кетейік, былтыр Жоғары оқу орындарына 171,7 мың адам қабылданған. 

Қазір Қазақстанда 112 жоғары оқу орны жұмыс істеп тұр, оның ішінде 77 университет, 14 академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғарғы мектептер мен училищелер бар. Ұлттық жоғары оқу орындарының саны 8,3 ұлттық зерттеу университеті бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек