Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми мәртебесі саналған "Елбасы" атауына ие болған нысандардың аты қайта өзгеріп жатыр. Massaget.kz тілшісі "Елбасы" мәртебесі қашан пайда болғанына және бұл атау қайдан алып тасталғанына шолу жасады.
13 жылға жуық уақыт: "Елбасы" мәртебесі қашан бекітілді?
"Елбасы" мәртебесі 2010 жылғы 15 маусымда, дәлірек айтқанда, Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мәртебесі болып ресми бекітілді.
2010 жылғы 12 мамырда Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа "Елбасы" мәртебесін беретін заң жобаларына бірауыздан түзетулер енгізді. 2010 жылғы 13 мамырда Сенат Нұрсұлтан Назарбаевқа "Елбасы" мәртебесін беретін заңнамаға түзетулерді бекітті.
Былтыр 29 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум жариялады, түзетулердің бірі Елбасы атағын толық алып тастау болды. Референдум нәтижесінде Назарбаев бұл мәртебесінен айырылды.
"Елбасы" атауымен қандай жобалар жүзеге асырылды?
2014 жылы "Елбасы кітапханасы" құрылған еді. Ресми атауы - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы". Бұл кітапхананың ресми сайтына өту мүмкін емес. Сондай-ақ, кітапхана туралы, оның атауының өзгергені туралы ешқандай ақпарат жоқ.
"Елбасы" атауымен шыққан фильм, көркем шығармалар да көп. Соның бірі - 2013 жылы жарық көрген "Елбасы жолы" атты толық метражды көркем фильмі. Бұл туындыны "Қазақфильм" киностудиясы шығарған. Онда Назарбаевтың студенттік кезі мен алғашқы еңбек жолы суреттелген.
Сонымен қатар, 2021 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Елбасы жылуы" атты қайырымдылық акциясы жүзеге асырылған еді.
"Елбасы" атауын алған "Елбасы академиясы" да бар. fnn.kz мәліметінше, академия "Ел үміті" бастамасын жүзеге асырған.
Университет, сайт, медаль: "Елбасы" атауы қайдан алып тасталды?
Сайттың ішкі құрылымы да өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған.
"Иә, жоғары оқу орнының атауын өзгертеміз. Енді бұл әскери оқу орнынан "Тұңғыш Президент - Елбасы" деген сөздер алып тасталады. Енді ол Ұлттық қорғаныс универитеті деп аталады", - деді Бекбол Орынбасаров.
Еске салайық, бұған дейін Назарбаев тағы бір құрметінен айырылатыны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!