- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үңгірге де жетпейді,...
"Үңгірге де жетпейді, ол жақта от жаға аласың". Жалға берілетін пәтер Қазнетті шулатты
Қазнетте Алматыда пәтерін жалға берушілердің талабы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Алматы тұрғыны пәтерді жалға берушілердің хабарландыруына таңғалған, ол бұл жағдайды TikTok-та жариялаған. Видео бірнеше сағат ішінде 170 мыңнан аса қаралым жинаған.
Видеода тұрғын үй іздеуге арналған танымал порталда жарияланған жарнаманы көруге болады.
"28 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер. Айына 150 мың теңге. Пәтер жөнделмеген. Ешқандай жөндеу жұмыстары жасалмаған, терезелері де, есіктері де жоқ. Тек бетондағы тесіктер бар. Міне, кілттің фотосессиясы", - дейді видеодағы қыз.
Кейінірек видеодағы Айғаным есімді қыз хабарландыру авторы ұсынған шарттарды оқиды.
"Бір бөлмелі пәтерді жөндеусіз шұғыл түрде жалға беремін. Жөндеу жасайсыз әрі пәтер ақысын төлейсіз. Мұқият оқып шығыңыздар. Бұл шебер адамдарға арналған пәтер, мысалы, құрылысшылар сияқты. Қате ойламаңыздар, пәтер сізге сәйкес келмесе өтіп кетіңіз, менің әрі өзіңіздің уақытыңызды алмаңыз", - дейді ол.
Видео авторы осылайша, ерлі-зайыпты жұмыстан кейін пәтерге келіп, жөндеу жүргізіп, сол жерде түнеп, осы үшін 150 мың теңге төлеуге мәжбүр болатынын айтады.
"Бұл хабарландыру 1865 жылы плантацияларда мақта теріп жүрген жігіттерді де таңғалдырар еді", - дейді Айғаным.
Видеодағы Айғаным Уахапов пәтерді өзіне емес, досына іздегенін айтты.
"Көкшетаудан келдім, қазір Алматыда тұрамын. Видео бүгін түсірілді. Досым екеуміз "Крыша" бағдарламасын бақылап отырдық. Пәтер иелері қоятын бағаларға таңғалдым", - дейді ол.
Желі қолданушылары да бұл хабарландыруға таңғалғанын жасырмаған.
"Үңгірге де жетпейді, ол жақта от жаға аласың", "Адамдардың өзімшілдігіне шек жоқ", "Жөндеу жасатып алған соң бағасын көтеріп жібереді не қуып шығады", "Жердің бір шеті", - деп жазған пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова