Келесі күні таңертең жұмыс екеніне қарамастан, түнде фильм қарап не әлеуметтік желіде ұзақ отырып қалатын күндер болады. Ертесіне бұл жағдай тағы да қайталануы мүмкін. Осылайша ұйқының қанбауы өмір салтына айналады. Үнемі ұйқыңыз қанбай жүрсе, ағзаға не болады?
Ұйқының қанбауы несімен қауіпті?
Ұйқының қанбауы бірінші күннен-ақ адамның өзін-өзі қалай сезінетініне әсер етеді. Ал кейінірек ол денсаулыққа әсер етіп, түрлі күрделі мәселеге айналу қаупі бар.
Бір немесе бірнеше түн ұйқының қанбауы интеллектуалды қабілеттің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Адам ашуланшақ болып, депрессияға ұшырауы мүмкін. Осындай эмоционалды теңгерімсіздік пен физикалық энергияның болмауына байланысты өмір сапасы да зардап шегеді.
Бірнеше апта не ай бойы ұйқының қанбауы жай ғана әл-ауқатқа емес, психикаға да әсер етеді.
Айдан жылға созылған ұйқының қанбауы тек психикаға емес, физикалық жағдайға да қауіпті. Жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инфаркт, инсульт, жүрек соғысының бұзылу қаупі, қант диабеті, деменция және Альцгеймер ауруы ықтималдығы артады.
Ұйқының қанбағанын қалай анықтауға болады?
Сізге ұйқы режимі туралы байыпты ойлану керек, егер:
Дәрігерлер ұйқыны ашу үшін көп мөлшерде кофе ішуден аулақ болуға шақырады.
Ал ұйқы режимін қалпына келтіру үшін әдеттегіден кем дегенде 15 минут бұрын ұйықтауға жату керек. Осы бағытта жалғастыра берсеңіз, уақыт өте ұйқыңыз толық жақсарып, қанатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін 5 сағат ішінде ұйқы қандыру әдістері хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қыста неге артық салмақ жинайды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!