- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үнемі күліп жүретін...
"Үнемі күліп жүретін еді". Әріптестері өз үйінде өлі табылған жаттықтырушы туралы айтты
Алматыдағы фитнес залдарының біріндегі жаттықтырушы Дамир Туребаевты 19 шілдеге қараған түні белгісіз біреу атып кеткені туралы хабар тарады. Полиция бұл деректі растады. Марқұм жігіт жұмыс істеген фитнес зал қызметкерлері Дамир жайлы естеліктерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дамир жұмыс істеген залдың әкімшісінің сөзінше, марқұм жігіт тіпті энергетик ішпейтін.
"Дамирдің қазасы туралы әріптестеріміз чатта жазды. Ал қалай болғаны туралы ақпарат бермеді. Оқиға үйінде болған ғой. Дамирді тек әріптес ретінде танимын. Үнемі позитивті, ешкімді ренжітпейтін, тек күліп жүретін. Ішімдік ішпейтін, тіпті энергетикалық сусын ішпейтін. Өте мейірімді, өте жақсы жігіт еді", - дейді фитнес залының әкімшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаттықтырушы Жансая Алтынбекова да Дамир жұмыста ешқашан ешкіммен жанжалдаспағанын айтады.
"Дамир өте жақсы адам еді. Менің осы жерде істеп жүргеніме 1,5 жылдай болды. Оның жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдай болды. Ешқашан жанжал болған емес. Үнемі күліп жүретін, мұңайып жүрген емес. Қолынан келгенше көмектесетін. Неге мұндай жағдай болғанын білмеймін. Қаза туралы жиналыста, басшылықтан білдік. Не болғанын айтқан жоқ. Естіген кезде қатты таңғалдық. Жұмысқа соңғы рет сенбі келді. Тіпті менің клиенттерім Дамирды жақсы көретін", - дейді Дамирдың әріптесі, жаттықтырушы Жансая Алтынбекова.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов
Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда фитнес-жаттықтырушыны атып кеткені хабарланған болатын. Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылған. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Болжам бойынша, оның өліміне танысымен арадағы жанжал себеп болған. 28 жасында қайтыс болған Дамир Төребаев бокстан және жүзуден спорт шеберіне үміткер деген атағы бар. 2 жылдан бері осы Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Әйелімен ажырасқан, 7 жастағы бір баласы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов