- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістаннан Алматыға ұшып...
Үндістаннан Алматыға ұшып келген жолаушыдан жұқпалы дерт анықталды: Air Astana түсініктеме берді
5 сәуірде Air Astana әуе компаниясы тырысқақ дертін жұқтырып алған болуы мүмкін деген күдікпен карантинге жабылған жолаушы оқиғасына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуе компаниясы 2024 жылы 4 сәуірде Дели – Алматы бағытында қатынайтын КС 908 рейсінің экипажы тиісті рәсімге сәйкес әрекет еткенін мәлімдеді. Борт серіктері медициналық желіге хабарласып, науқас жолаушыға қажетті дәрі берді.
"Ұшақ 65, яғни ең алыс тұраққа қойылды. Ұшақ бортында зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп, ол бүгін кешкі рейске, бір күннен кейін шығады. Дәрігерлер мен санитарлық-карантиндік бекет қызметкерлері науқас жолаушыны, онымен жақын байланыстағы өзге жолаушыларды және экипаждың сегіз мүшесін ауруханаға жатқызды", - делінген хабарламада.
Air Astana бұл әрекеттер санитарлық-карантиндік бекет алгоритмі бойынша қабылданғанын нақтылай кетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы