- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістандағы көпірдің құлауы:...
Үндістандағы көпірдің құлауы: күдікті ретінде тоғыз адам қамауға алынды
Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында көпір опырылып, 160-тан аса адам қаза тапты. Полиция күдікті ретінде билет сатушылар мен мердігерлерді қосқанда тоғыз адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарау барысында көпірді екі жаққа шайқаған бір топ жасты байқаған.
Зардап шеккендердің бірі Эшвин Мехра да адамдар көпірді шайқамақ болғанын айтқан.
"Көпірді шайқаған 20-25 жас аралығындағы 15-20-ға жуық жігіт жүрді. Біз көпірдің шайқалғаны туралы дыбыстар естідік, кейін көпірдің сымы үзілді", - деді ол.
Полицияның жоғары лауазымды шенеунігі тоғыз адам, оның ішінде басшылық қызметкерлері, кассирлер және үш күзетші көпірдегі адамдарды бақылай алмағаны үшін қамауға алынғанын айтты. Ұсталғандар арасында нысанды жөндеуге келісім-шарт алған екі адам да бар. Ол қамалатын адамдар тағы да болуы мүмкін екенін айтты.
Жергілікті шенеуніктер көпірге жауапты компанияның билікке оның жөндеуден кейін қайта ашылатыны туралы хабарламағанын, қоғамдық пайдалануға жарамдылық сертификаты берілмегенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова