Үндістанның Уттар-Прадеш штатында төрт аяғы және төрт қолы бар бала өмірге келді, - деп хабарлайды Daily Star.
Басылым мәліметінше, Камила есімді әйелдің толғағы сенбі, 2 шілдеде басталған. Ол тез арада ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыттан кейін салмағы шамамен үш келі баланы өмірге алып келген. Бала туа сала ол өзге балаларға ұқсамайтыны байқалған - оның төрт қолы, төрт аяғы бар.
Бұл ерекшелікке қарамастан баланың денсаулығы жақсы. Алайда оның жынысы хабарланбаған. Басылым мәліметінше, анасының да жағдайы жақсы.