- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістанда су тасқынынан...
Үндістанда су тасқынынан 7 адам опат болды
Фото:
pixabay.com
Үндістанда су тасқынынан 7 адам опат болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Үндістанның солтүстігінде нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан 7 адам қаза тапты.
Ал ел астанасы Делиде жауған жауын-шашын көрсеткіші 126 миллиметрден асты. Яғни шілде айына тиесілі мөлшердің тең жартысы бірнеше тәуліктің ішінде жауған. Ақ нөсер автомобильдер мен пойыздардың қозғалысын қиындатты.
Кейбір штатта электр қуаты істен шықты. Жергілікті билік алдағы бірнеше тәулік ауа райының қолайсыздығы салдарынан тұрғындардан үйде қалуды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина