- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістанда полицейлер отырған...
Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлады: қаза болғандар бар
Фото:
indianexpress
Үндістанда Махараштра штаты мемлекеттік жол-көлік корпорациясының автобусы өзенге құлап кеткен. Оқиға кезінде көлікте 30 адам болған, оның 13-і қаза болған, - деп хабарлайды Indian Express.
Шамамен 15 жолаушы құтқарылған. Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Газет мәліметінше, қайтыс болғандардың туыстарына 1,2 миллион үнді рупиясы (15 мың доллар) төленеді.
Ж. Қадыржанова