Үндістанның адам құқығы жөніндегі мамандары жүздеген оқушы өлі жылан табылған тамақтан уланды деген ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.
Мокама қаласында түскі ас ішкен 100-ден аса бала ауырған, шамамен жиырма оқушы 24 сәуірде ауруханаға түскен.
Елдің Адам құқығы жөніндегі ұлттық комиссиясының (NHRC) ақпаратына сүйенген жергілікті БАҚ мәліметінше, мектеп аспазы жыланды алып тастағаннан кейін тамақты таратқан.
Комиссия кейбір балаларда бас айналу және құсу белгілері болғанын айтты. Наразылық ретінде қала тұрғындары тасжолды жауып тастаған.
Бихар полициясына бұл оқиға туралы есепті жариялауға екі апта уақыт берілді.
Айта кетейік, Үндістан әлемде үлкен көлемде мектепте тегін тамақтандыру бағдарламасын жүзеге асырады.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан соң мемлекеттік бақылау тәсілдері өзгеретіні хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова