- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістанда көпір құлауынан...
Үндістанда көпір құлауынан қаза тапқандар саны артты
Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпір құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 141 адамға жетті, - деп хабарлайды Business Insider.
Бұл ақпаратты Раджкот округі полициясының бас инспекторы Ашок Ядав растаған. Дегенмен мемлекеттік ішкі істер министрі Харш Сангавидің айтуынша, қаза тапқандар саны 132-ге жетіп, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
મોરબી દુર્ઘટનાને લઇ પૂર્વ CM શંકરસિંહ વાઘેલાના રાજ્ય સરકાર પર પ્રહાર#Morbi #MorbiBridgeCollapse #MorbiBridge pic.twitter.com/esMIx4H7hF
— Zee 24 Kalak (@Zee24Kalak) October 31, 2022
Сондай-ақ, ол жоғалған екі адам табылған кезде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталатынын айтты. 31 қазанда таңертең Морби мемлекеттік ауруханасы 99 қайтыс болған адамның тізімін жариялады, бірақ зардап шеккендердің жасын көрсетпеді.
Мердігер мен арқанды көпірдің басқарушысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастағаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тапқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова