Үндістанда аптап ыстықтан 8 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марқұм болғандар - Одиша штатының тұрғындары.
Ресми мәліметтерге қарағанда, наурыздан бері Үндістан аумағында қатты ыстықтан 60 адам көз жұмған. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, қазір елдің кейбір аудандарында ауа температурасы 50 градустан асып тұр.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық синоптиктер де елдің батысында ауа райы +33+40 градусқа дейін көтерілетінін айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!