- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндістанда ер адам...
Үндістанда ер адам қайтыс болған әйелінің силикон көшірмесін жасап алған
Үндістанда ер адам әйелінің силикон көшірмесін жасап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Oddity Central басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ол мұндай қадамға әйелінің жоқтығын білдірмеу үшін барған. Тапас Сандилья әйелімен 39 жыл бақытты өмір сүрген. Алайда 2021 жылы пандемия кезінде әйелі Индраниден айырылып қалған. Ер адам әйелі ауруханада карантин кезінде жатқандықтан өмірінің соңғы күндерін бірге өткізе алмаған.
Әйелі қайтыс болғаннан кейін Тапас Сандилья әйелінің арманын орындамақ болған. Яғни марқұм әйелінің мүсінін силиконмен жасаған.
"10 жыл бұрын Маяпурдегі ИСККОН шіркеуінде болдық. Сол кезде орденнің негізін қалаушы Бхактиведанты Свамидің шынайы мүсінінен көз ала алмадық. Осылайша, әйелім егер менен ерте қайтыс болса, дәл сондай мүсінін жасағанымды қалады", - дейді Тапас Сандилья.
Үндістандық азамат оның тапсырысын орындай алатын шеберді ұзақ іздеген. Ал марқұм әйелінің арманын орындауға 6 ай уақыт пен үш мың доллар қаржы жұмсалған.
Сандильяның сөзінше, ол тапсырыс орындаған шебердің қасында күні-түні болған. Жұмысты орындауға 30 келі силикон кеткен.
"Отбасым әйелімнің мүсінін жасауға үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ артынша кейбір туыстарым, көршілерім де көмектесті. Марқұм адамдардың суретін сақтай алсақ, неліктен мүсінін де жасатып сақтамасқа?", - дейді үндістандық азамат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина