Үндістанда қатты су тасқыны болды, салдарынан бүтін ауыл су астында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Мыңдаған үй су астында қалған. 50-ден аса адам хабар-ошарсыз кеткен. Шамамен 4 адам қаза тапты.
"Харсил ауданындағы Хир Гад өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты Дхарали ауылындағы жағдай туралы хабарлама келді. Оқиға орнына құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін полиция, құтқарушылар, армия, басқа да шұғыл қызметтер жіберілді", - деді Уттаракханд полициясы.
#Uttarkashi cloudburst havoc: At least 4 dead as flash floods swallow homes, hotels in #Dharali; entire village washed away
— The Times Of India (@timesofindia) August 5, 2025
Watch video https://t.co/BjBg7zAn3Y#Uttarakhand #flashfloods pic.twitter.com/HsRgp49Bti
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова