- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үндеу жариялаған Ақбота...
Үндеу жариялаған Ақбота Керімбекованың ұлына продюсер қыр көрсетіп хабарласқан
Ұлттық арнаның басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жариялаған танымал әнші Ақбота Керімбекова осы жағдайға байланысты ұлына хабарласып, қыр көрсеткендерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, әншінің Qazaqstan телерадио кешенінің басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жасауына "Жұлдызды жұп" атты жаңа жобаның дұрыс ұйымдастырылмауы және отандық телеарналардағы тендерді жеңіп алу мәселесі себеп болған.
Үндеудің астына түрлі пікір білдіріп, қолдау көрсетушілердің саны аздаған сағаттың ішінде көбейіп кеткен екен.
"Қолдап, үн қосып жатқан әрқайсыңызға алғысым шексіз! Ана жақта Динаражан балама хабарласып, “мамаң көп болса 3 күн шулатар, ал мен қанша жоба жасаймын, сенің жолыңды жаппасын да" деп айтады дейді. Бағана да “балаңа кесіріңді тигізбесей” деп маған қыр көрсеткен. Қоғамда “неге шын таланттар танылмайды, тасада қалып қояды?” деген сауал көп. Жауабы – осы! Талантты адамдарда Құдай жаратқан мінез болатыны аян! Сөйтіп жүріп, біреуге ұнамай қалсаң, жолың өмірлікке жабылады. Көн, көнбе, сен, сенбе, жағдай – осы!", – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева