Блогер Айжан Байзақова күйеуіне қатысты қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, кеше Telegram-арналардың бірінде Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанның бұрынғы әйелімен не үшін ажырасып кеткені туралы хабар тараған болатын. Telegram-арнадағы мәлімет бойынша, оның бұрынғы әйелімен ажырасып кетуіне Нұрбектің мінезі мен қызғаншақтығы себеп болған көрінеді.
Көп ұзамай бұл ақпаратқа қатысты Байзақованың өзі де пікір білдірді.
"Ол (күйеуі-еск) абьюзер деген жазбаны көрдім. Біріншіден, оның бұрын үйленгені не үйленбегенінде кімнің қандай шаруасы бар? Мені оның бұрынғы сүйіктілерімен салыстырудың қажеті жоқ, ол қазір менімен бірге. Екіншіден, бірге тұрған екі жылдың ішінде оның тарапынан ешқандай абьюз көрген емеспін, мұндай ақпаратты кім таратып жүргенін білмеймін, біреу қатты ренжіген секілді. Нұрбек ешқандай да абьюзер емес. Ал қызғаншақ болуына қатысты - мен қызғануына себеп бермеймін. Керісінше, қызғаншақ абьюзер менмін. Нұрбек өте мейірімді адам", - дейді Айжан Байзақова.
Артынша, Байзақованың күйеуінің бұрынғы әйелі де блогердің мәлімдемесіне пікір білдірді. Ол әлеуметтік желіде бұл жайт туралы айтқысы келмегенін жеткізді.
"Бірақ үндемей қалмаймын. Айтамын. Біріншіден, ол өсектерді парақшаларға ақша төлеп, мен таратып жүр деп ойлайсыздар ма? Шынымды айтсам, оның бәрін ұмытқанмын. Ол үшін шын қуаныштымын және менімен жүрген кезден өзгергені қуантады. Мен ол үшін тек "қателіктермен жұмыс" болдым. Егер өзгерген болса ол менің еңбегім деп ойлаймын. Әрине, мен ол (экс-күйеуі) өте жаман адам болды деп айта алмаймын, мейірімді болатын. Бірақ біздің ара-қатынаста сұмдық жайттар көп болатын. Қазір өзіме деген ондай қатынасқа жол бермеймін, бәлкім, ол кезде аңғал кішкентай қыз болған шығармын. Кім не десе де бұл өткен өмір, әркім нәтиже шығарып, өмірлік тәжірибе алды", - дейді Нұрбек Арыстанның бұрынғы әйелі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!