“Ұмай“ ипотекасы қашан іске қосылады?

Қазақстанда "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың аяғына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың соңғы күндеріне дейін іске қосылады", - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, банк бағдарламаны жүзеге асыру үшін Азия даму банкі (АДБ) ұсынатын қаражаттың құнын айқындап қойған.

Бұл ипотека баспана алғысы келетін әйелдерге арналған. Негізгі шарттардың бірі - қолданыстағы тұрғын үй депозиті болуы және оның жинақтау мерзімі.

"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша мынадай пәтерлерді сатып алуға болады:

  • бастапқы нарықтан;
  • тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралын пайдаланып, үлестік қатысу шарты бойынша құрылыс сатысындағы үйлерден;
  • үй 2016 жылдан ерте салынбаған болса, қайталама нарықтан;

Әйелдер ипотекасының шарттары:

  • Алғашқы жарна ірі қалаларда 20 пайыздан, өңірлерде 15 пайыздан басталады.
  • Қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион теңгеге дейін.
  • Несие мерзімі 6 айдан 10 жылға дейін.
  • Алғашқы жарна үшін зейнетақы жинағын пайдалануға;
  • Екі ортақ қарыз алушыға дейін тартуға болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!