Қазақстанда "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың аяғына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың соңғы күндеріне дейін іске қосылады", - деді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, банк бағдарламаны жүзеге асыру үшін Азия даму банкі (АДБ) ұсынатын қаражаттың құнын айқындап қойған.
Бұл ипотека баспана алғысы келетін әйелдерге арналған. Негізгі шарттардың бірі - қолданыстағы тұрғын үй депозиті болуы және оның жинақтау мерзімі.
"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша мынадай пәтерлерді сатып алуға болады:
- бастапқы нарықтан;
- тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралын пайдаланып, үлестік қатысу шарты бойынша құрылыс сатысындағы үйлерден;
- үй 2016 жылдан ерте салынбаған болса, қайталама нарықтан.
Әйелдер ипотекасының шарттары:
- Алғашқы жарна ірі қалаларда 20 пайыздан, өңірлерде 15 пайыздан басталады.
- Қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион теңгеге дейін.
- Несие мерзімі 6 айдан 10 жылға дейін.
- Алғашқы жарна үшін зейнетақы жинағын пайдалануға;
- Екі ортақ қарыз алушыға дейін тартуға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова