"Отбасы банк" 31 тамызда "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдауды бастайды. Әйелдер жаңа салынған үйлерден де, қайталама нарықтан да пәтер сатып алу үшін жеңілдікпен қарыз рәсімдей алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін "Отбасы банк" Азия даму банкімен (АДБ) "Ұмай" және "Жасыл ипотека" атты екі ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы келісімге қол қойған болатын. АДБ бұл жобаларға 90 миллиард теңге бөледі.
"Өтініш қабылдау 31 тамызда басталады. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Тоғыз миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш "Отбасы банкке" аударылды. Мөлшерлеме - жылдық 14,8 пайыз (ЖТСМ 16,3 пайыздан 16,8 пайызға дейін). Өзге жылжымайтын мүлік болуы шектеу емес. Бағдарлама тіркеуге қарамастан бүкіл Қазақстан бойынша өткізіледі", - деді банк өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!