- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытаудағы шахтада "Қазақмыс"...
Ұлытаудағы шахтада "Қазақмыс" қызметкері қаза тапты
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
"Қазақмыс" компаниялар тобы 2023 жылға 26 желтоқсанда Ұлытау өңіріндегі Жыланды кенішінде болған қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға сағат 18:30-да Шығыс Сары-Оба кенішінің учаскелерінің бірінде болған. Жүргізуші жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, 1992 жылы туған жұмысшыны абайсызда қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер дене жарақаттарын алып, көз жұмды.
Өлімнің мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.
"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек