Ұлытау облысында мыңдаған киік қырылды. Өңір әкімдігі өкілдері жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Кеңгір су қоймасында өлген киіктердің қорқынышты видеосы тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыс әкімдігі мәліметінше, киіктер қысқы ауа райынан және бұралқы иттердің шабуылынан қырылған.
"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Жезқазған қаласының шетінен 660-тан аса киік ұшасы және Қаражал қаласы аумағынан 2342 киік ұшасы табылып, жойылды. Ұлытау облысы бойынша ОШжЖД аумақтық инспекция қызметкерлері, "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторлық құрамы, ТЖД және Жезқазған қалалық әкімдігінің қызметкерлері бірлескен түрде ұшаларды мал қорымына тастады. Ол үшін алты арнайы техника жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Өлекселер арнайы мал қорымдарында жойылған. Қыста өлген киік ұшаларын жинау жұмысы әлі де жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова