Ұлытау облысында бес жыл құлдықта болған балалар 4 ай бойы кезектесіп сабақтан қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жергілікті емхана қызметкерлері жалған анықтама беріп келген. Бұл туралы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтқан.
Оның сөзінше, қамқоршы органдар жарты жыл сайын тексеріс жүргізген.
Олар былтыр қыркүйектен бастап күдіктене бастаған. Өйткені балалар кезек-кезек бір аптадан сабақтан қалып отырған.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғаны хабарланды.
Кейінірек балаларды асырап алған әйел заң бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!