Ұлытауда “Қазақмысқа жұмысқа тұрғызамыз“ деген алаяқтар ұсталды

Ұлытауда “Қазақмысқа жұмысқа тұрғызамыз“ деген алаяқтар ұсталды
Фото: kazakhmys.kz

Ұлытау облысында азаматтарға "Қазақмыс" корпорациясына жұмысқа орналастырып береміз деп уәде еткен адамдарға қатысты тоғыз қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соның алтауы сотқа жолданған. Тергеу барысында күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асатын ақша иемденгені анықталды.

Алаяқтар жұмысқа орналастырамыз деп уәде беріп, алдын ала ақша алған. Бірақ міндеттемелерін орындамай, азаматтарға материалдық шығын келтірген.

Ұлытау облысы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек ресми тәртіппен, кадр қызметі арқылы жүзеге асырылады.

"Мұндай күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз. Алаяқтық деректері анықталған жағдайда, дереу полицияға жүгіну қажет", - деді Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget