Ұлытауда бизнес саласындағы коммуналдық қызметтер тарифтерінің есебі өзгерді

Ұлытауда Антикордың ұсынысы бойынша бизнес саласындағы коммуналдық қызметтер тарифтерінің есебі өзгертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау тұрақты бақылауға алынды. "Бизнеске жол" жобасы аясындағы шаралардың арқасында бизнес субъектілері үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді есептеудің оң тәжірибесін белгілеуге мүмкіндік туды.

Мәселен, Жезқазғанда кәсіпкер мектепте тамақтануды қамтамасыз ету байқауында жеңіске жетті. Жасалған шарт аясында оған асхананың үй-жайы мен жабдықтарын жалға беру қамтамасыз етілді. Шарттың талаптарына сәйкес коммуналдық қызметтер үшін төлем үй-жайдың меншік иесі - мемлекеттік органға жүргізілді.

Алайда бұл кәсіпкер үшін айтарлықтай негізсіз шығыстарға алып келді, өйткені бизнес үшін тариф 12,55 теңгені, ал мемлекеттік мекемелер үшін - 71,47 теңге болды, бұл 5,6 есе көп.

Бизнес мүдделерін қорғау үшін Жезқазғанның №8 және №11 мектептерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша шарт талаптарында өзгерістерге қол жеткізілді.

Шешімі қандай?

Енді электр энергиясы үшін төлем тікелей электр энергиясын жеткізушілерге кәсіпкер белгілеген есептегіштің көрсеткіштеріне сәйкес, ал жылу энергиясы үшін - үй-жайдың ауданына қарай жүргізіледі.

Бұл шаралар бір кәсіпкерге жылына 1 миллион теңгеден аса қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!