Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналған кеште "Ұлытау" тобы өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Ұлытау" тобының ресми парақшасында және Қарақат Әбілдинаның жеке парақшасында ақпарат жарияланды.
"Қазақ өнерін аброймен арқалап жүрген де үлкен бақыт…", - делінген "Ұлытау" тобы жарияланған суретте.
"Бүгін 6 Президенттің алдында өнер көрсету бұйырды! Өте жауапты, абыройлы концерт болды. "Ұлытау" тобы - мақтанышымыз", - деп жазды әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!