- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысының шекарасы...
Ұлытау облысының шекарасы бекітілді
Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаулы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында 14 қарашада жарияланды.
Қаулы бойынша, Қарағанды облысының шекарасы одан Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін алып тастау арқылы өзгертіледі.
Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленеді.
"Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина