Ұлытау облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы барып, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары. 1994 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

  • 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған әкімі, Арқалық әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
  • 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
  • 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
  • 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!