- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысының экс-әкімі...
Ұлытау облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы барып, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары. 1994 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған әкімі, Арқалық әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан