- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында түрмедегілер...
Ұлытау облысында түрмедегілер азапталған: 11 қызметкер сотталды
Ұлытауда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.
Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина