Ұлытау облысында тергеушіге пара бермек болған кәсіпорын директоры ұсталды

Ұлытау облысында тергеушіге пара бермек болған кәсіпорын директоры ұсталды
Фото: ІІМ

Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысы Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру дерегінің жолын кесті. Ер адам алаяқтық дерегіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған.

Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

"Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget