Болжам бойынша ол мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге археологиялық қазба жұмыстарға қол қою үшін 2 миллион теңге пара алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vecher.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" ММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
"Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті кезде қандай музыка тыңдау керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!