Ұлытау облысының прокуратурасымен мемлекетке 218 млн теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды.
Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы - 218 млн теңге. Прокурорлық тексерістен кейін бұзушылықтар жойылды.
Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық).
Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!