Ұлытау облысында "Қазақмыс" шахтерлері тағы да ереуілге шықты. Компания бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 желтоқсан күні "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіне қарасты оңтүстік Жезқазған кенішінің және Жыланды кенішінің қызметкерлері наразылыққа шықты. Үшінші ауысым жұмысшылары жер астына түсуден бас тартты және жалақыны көтеру мен еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті.
Компанияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен кездесіп, жалақы мәселесін талқылады. Олар "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге (тазалаушылар үшін), ал орташа жалақы 650 мың теңге екенін айтты. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жалақы 2024 жылғы инфляция деңгейіне сәйкес индекстелетін болады.
Сонымен қатар, компания жалақының күрт көтерілуі өңір мен саладағы жалақы деңгейлерінің айырмашылығын арттырып, компанияның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін екенін және бұл кейбір кеніштердің жабылуына себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.
2025 жылдан бастап жалақыны арттыруға қосымша, ал 2025–2029 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт күшіне енеді. Бұл шарт аясында:
Еске салайық, 2023 жылдың тамызында №65 шахтаның және Сәтбаев өндірістік алаңындағы мердігер ұйымдардың қызметкерлері ереуілге шыққан болатын. Кейін "Қазақмыс" басшылығы шахтаға түсіп, шахтерлермен келісімге келген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз