Ұлытау облысында полиция күдіктілерді азаптаған: тергеу аяқталды

Ұлытау облысында азаптаумен айналысқан полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің арнайы прокурорлары әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамды азаптау дерегі бойынша Жаңаарқа ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

"Тергеу барысында күдіктілерге кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шаралары қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен танысып жатыр, бұдан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!