Ұлытау облысында азаптаумен айналысқан полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің арнайы прокурорлары әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамды азаптау дерегі бойынша Жаңаарқа ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.
"Тергеу барысында күдіктілерге кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шаралары қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен танысып жатыр, бұдан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова