- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында марқұмның...
Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты ашуға көмектесті
Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты ашуға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, криминалист кісі өлтіру қылмысын ашты.
"Биыл наурызда Ұлытау облысында қамыстар арасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен, оның жеке басын анықтау мүмкін еместей көрінген", - деп жазылған мәліметте.
Алайда оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының құрамында криминалист, полиция майоры Дастан Мағзұмов болды.
"Мәйітті мұқият қарап шыққан полицей саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерлерге шыға алды. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова