Ұлытау облысында құтқарушылар 75 техниканы эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 наурызда сағат 23:45-те 112-ге Жезқазған-Қызылорда тас жолында Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерде 20-ға жуық жеңіл көлік пен ересектер мен балалары бар автобус балшыққа кептеліп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Ұлытау облысы ТЖД және Қазавтожолдың 6 адамы мен 2 техникасы шықты.
Сағат 11:40-та 75 техника сүйреліп шығарылды және 300-350 ге жуық адам, оның ішінде 22 бала эвакуацияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!