Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы кірпіш зауытының жұмысы шенеуніктердің кінәсінен бес ай бойы тоқтап тұрған. Оның құрылысына инвесторлар 1,5 миллиард теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Инвестор зауытты шикізатпен (балшықпен) қамтамасыз ету үшін Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне "Талап" кен орнында саз өндіру жобаларын келісу туралы өтініш жолдаған.
Алайда Департамент инвесторға саз өндіру жұмыстарын мақұлдаудан негізсіз бас тартқан.
"Сондықтан Жезқазғанда салынған кірпіш зауыты бес айдан астам уақыт қажетті шикізатсыз тұрған", - деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!