- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында Кеңес-Жапон...
Ұлытау облысында Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданылған қару табылды
Фото:
Polisia.kz
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жапондық Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй жағдайындағы қарапайым құрылыс барысында жер астынан табылды.
Газетке оралған қару жер қойнауында 100 жыл көмулі жатқан. 14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған.
Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған. Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина