- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында қарулы...
Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды
Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төрт браконьер Ұлытау ауданының аумағында құрықталды. Полиция қызметкерлері "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтаған.
Тексеру барысында ұсталғандардан "Урал" маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина