- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында қаржы...
Ұлытау облысында қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қатысты тергеу аяқталды
Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысында қаржы пирамидасының жарнамасын жасаған және оған басшылық еткендерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің екі тұрғыны 9 айдан аса уақыт бойы "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ, оның Жезқазған қаласындағы аумақтық бөлімшесін басқарған.
"Олар жоғары табысты уәде етіп, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 миллион теңгеден асты, сондай-ақ, 37 миллион теңгеден аса сомаға мүлікке тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Агенттік ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге де ақпаратты жария етпеді.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қаржы пирамидасына қатысы бар 22 адам ұсталғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова