- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында жүздеген...
Ұлытау облысында жүздеген шахтер наразылыққа шықты
"Қазақмыс" компаниялар тобының бірнеше кенішінде жұмыс тоқтап, қызметкерлер наразылыққа шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Азаттық Радиосының" мәліметінше, Ұлытау облысында "Қазақмыс" корпорациясының жүздеген шахтері наразылыққа шыққан. Олардың сөзінше, шахтерлердің жартысы шахтаның ішінде. Қызметкерлер 15 талап қойған.
Сонымен қатар, "Азаттық Радиосының" мәліметінше, 13 тамызда Сәтбаевтағы №65 шахтаның қызметкерлері жұмысын тоқтатқан.
Компания өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмыстардың тоқтатыла тұрғанын хабарлады. Оқиға орнына "Қазақмыс" басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб жұмыс жасап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина