Ұлытау облысында жол жөндеуге қатысты жарияланған байқауларда заңнама талаптары өрескел бұзылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл облыс прокурорлары жүргізген тексеріс кезінде анықталды. Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері, сметалық құжаты жоқ, және мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобаларға қаржы бөлген. Сондай-ақ, жолды күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен көпжылдық келісімшартқа заңсыз отырған. Прокурорлардың араласуымен құны 1,5 миллиард теңге болатын 4 жоба бойынша жұмыстар тоқтатылды. Заңды белшесінен басқан 9 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Бұл жағдай автокөлік жолдары сапасының төмен болуына алып келетінін ескеріп, конкурстардың күші жойылды. Әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттама дайындау керегі туралы ұсыну енгізілді", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Елдос Бүрлібаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!