Жезқазғанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жастар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнебақылау камералары арқылы қала көшелеріне мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.
Тексеріс нәтижесінде 8 жүргізуші заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Олар жол ережесін бұзып, басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, жол апаты жағдайын туғызған. Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тәулік бойы үздіксіз жүргізеді", - деді өңір полициясы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова