Ұлытау облысында жоғалып кеткен бес адам ТЖМ қызметкерлері көмегімен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ ақпаратына сілтеме жасап.
Кеше, 1 қаңтар күні күндізгі уақытта бес адам жеңіл автокөлікпен Жезқазған қаласынан Терісаққан ауылына жолға шыққан. Алайда олар сол кеткеннен 10 сағат бойы байланысқа шықпаған.
"Құтқарушылар жоғалған бес адамды тапты, олар қар құрсауында қалып қойған. ТЖМ қызметкерлері автокөлікті қар құрсауынан босатып, оларды Ұлытау ауылына дейін сүйемелдеді. Медициналық көмек қажет болмады", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!