- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында есірткінің...
Ұлытау облысында есірткінің түр-түрін жеткізбек болғандар ұсталды
ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.
Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм "альфа-PVP" психотроптық заты және 30 "марка" деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина