Ұлытау облысында букмекерлік кеңселерде бәс тіккен шенеуніктер “жылы орнынан“ айырылды

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қатысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзылған. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады.

"Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, соның ішінде 10 басшы букмекерлік компанияларда бәс тіккені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!